«Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығы
Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3.Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 24 ақпаны
№ 12 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 25 ақпаны
№ 60 бірлескен бұйрығына
қосымша
Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі
Демо – версия документа