(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІКТЕРІН БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІ...
Осы редакция 2018 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.26.01. № 75 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 473 бұйрығына
2-қосымша
«Жүргізуші куәліктерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.26.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Жүргізуші куәліктерін беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ТЕБ);
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жүргізуші куәлігін (бұдан әрі - ЖК), уақытша ЖК беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөліністері (жұмыскерлері) іс-әрекеттерінің тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 341 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11112 болып тіркелген) «Жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) белгіленген құжаттар пакетін қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің басталу негіздемесі болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа