«Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығына 2-қосымша) (2018.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.30.11. № 867 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды
әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп алу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні.
Документ утратил силу
Демо – версия документа