(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2015.14.04 № 226 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 226 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны тиісінше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта аталсын.
3. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
Редакция документа
Демо – версия документа