«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 73/НҚ бұйрығы
«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 73/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21380 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларында:
14-тармақтың 2 бөлімін мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінім берушіге мынадай өлшемшарттар белгіленеді:
мәлімделген салада 3 (үш) жылдан кем емес коммерциялық қызмет етуі және өтінім беру күніне соңғы 3 (үш) жылда салық бойынша аударымдарының үдемелi қорытындысы бар;
біліктіліктің қажетті деңгейі бар инженерлі-техникалық персоналдың болуы;
өтінім берушінің жалпы жылдық табысы соңғы 3 (үш) жылда жобаның толық сомасынан кем емес болуы.»;
Демо – версия документа