«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 294 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 294 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және 1944 жылы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидалары әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ел экономикасы мен қорғанысы мүддесінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) авиациялық жұмыстар ауданы - әуе кемелерінің авиациялық жұмыстарды орындауы шегінде географиялық координаттармен белгіленген аудан;
2) ағымдағы ұшу жоспары - кейінгі диспетчерлік рұқсаттарға негізделген ықтимал өзгерістерді қоса алғандағы ұшу жоспары;
3) аэростат - күштік қондырғы қозғалысқа түсірмейтін, ауадан жеңіл ұшу аппараты;
Демо – версия документа