«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 430 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 430 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 036 және 104 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«036 Салық заңнамасын өзгертуге байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңғырту
104 Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»;
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында:
221 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«010 Халыққа «жалғыз терезе» принципі бойынша қызмет көрсету»;
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
Демо – версия документа