«Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 860 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 860 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Нысаналы индикаторларда»:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 500 млрд. теңгеге кемінде 9 жылға ұзарту;»;
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері» мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері»: | «Бағдарламаны 2013 - 2020 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 3 393,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: 2013 жылы - 339,7 млрд. теңге 2014 жылы - 466,0 млрд. теңге* 2015 жылы - 543,2 млрд. теңге* 2016 жылы - 356,7 млрд. теңге 2017 жылы - 396,7 млрд. теңге 2018 жылы - 417,3 млрд. теңге 2019 жылы - 421,4 млрд. теңге 2020 жылы - 452,2 млрд. теңге»; |
«Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде:
«ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары» деген 3.1-кіші бөлім мынадай мазмұндағы он сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа