Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 131 бұйрығы (күші жойылды)

«Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 131 бұйрығы

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 308 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12197 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларында:

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi (не оның сенімхат арқылы өкілі) мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің транзитіне рұқсат алуға арналған өтiнiшті;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжатты - шетелдік заңды тұлға үшін;

3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжатты - шетелдік жеке тұлға үшін;

4) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжатты;

егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан тиісті растаушы хаты ұсынылады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку