«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 679 Қаулысы (күші жойылды)
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 679 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 18 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары:
мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
«6-1-тарау. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары
87-1. Осы тараудың күші қолданылатын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатады.
87-2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) берілген банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша, сондай-ақ 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) мақұлданған кредиттік желілер шеңберінде берілетін кредит қаражатына қатысты жүзеге асырылады.
2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде сыйақы мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі ұлғайтылмай қайта қаржыландырылған, бірақ 2020 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа