«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 25 мамырдағы № 111/НҚ бұйрығы
«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 25 мамырдағы № 111/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларында:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) өтінім беруші – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алу үшін ұлттық институтқа өтінімді автоматтандырылған жүйе арқылы қарауға ұсынған инновациялық қызмет субъектісі;»;
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) қоса қаржыландыру – жобаны қоса қаржыландыру бойынша талаптарды орындауға арналған ақшалай нысандағы өтінім берушінің (грант алушының) қаражаты.».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұлттық институттың инновациялық гранттар беру жөніндегі қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші портал арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
1-кезеңде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс;
2-кезеңде:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға арналған толық ұсыныс;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар жобасы;
Демо – версия документа