(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТ...
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 33 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7913 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде 678-682 (27754) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздері, сондай-ақ оны пайдалану бағыттары мониторингінің мақсаты банктердің, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және олардың клиенттерінің ішкі валюта нарығындағы операциялары туралы, клиенттердің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы және шетел валютасында банк шотын ашпай жүргізілген ақша аударымдар туралы ақпаратты жинау арқылы шетел валютасының келіп түсу (жұмсау) көздерін, сатып алу (сату) мақсаттарын сәйкестендіру және бағалау болып табылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа