Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 60 бұйрығы

 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 60 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10555 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.»;

10-тармақта:

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының мақсаттары мен басымдықтары;

3) бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Жәбірленушілерге өтемақы қорының (бұдан әрі – Қорлар), мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, тиісті бюджеттің тапшылығы (профициті) мен мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) қаражатын ескере отырып шоғырландырылған бюджеттің түсімдері мен шығыстарының болжамын қамтитын, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің болжамы;»;

12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку