«Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 296/37-VII шешімі
Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 296/37-VII шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) мынадай мөлшерде жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін:
1) 7 жастан 18 жасқа дейінгі білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – мектеп көлік картасын міндетті валидациялау кезінде балалардың жол жүру құны (барлық бағыттар бойынша) – 0 теңге;
Демо – версия документа