«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 107 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 107 бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11298 тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Е-лицензиялау» веб-порталы мемлекеттік дерекқор ақпараттық жүйесі/порталы (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДЖ АЖ) арқылы көрсететілетін қызмет алушыдан немесе Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен өтінішті тіркеу;»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа