«Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1616 бұйрығы (күші жойылды)
«Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1616 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 890 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17061 болып тіркелген, электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі жүйесінде 2018 жылғы 20 маусымдағы жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
«Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламенті жоғарғы көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
бұйрықтың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриалық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығымен бекітілген «Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16780 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа