«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 804 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 8-тармағына, 30-1-бабының 3-тармағына және 38-1-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемін:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:
«4. Тағылымдамадан өту мерзімі аудандық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – аудандық сот) он бір айды, облыстық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – облыстық сот) бір айды құрайды.
Заң мамандығы бойынша кем дегенде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі алты айды, оның ішінде аудандық сотта бес айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Заң мамандығы бойынша он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі үш айды, оның ішінде аудандық сотта екі айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Жоғары Сот Кеңесі бекітетін құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі облыстық сотта бір айды құрайды.
Демо – версия документа