«Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығы
«Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, 2008 жылғы наурыздағы № 3 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:
1,3 және 6 - тармақтар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Психиатрия, оның ішінде балалар психиатриясы»;
16.1 - тармақ алып тасталсын;
25, 37 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы
37. Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы
48. Жалпы хирургия»;
Мынадай мазмұндағы 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58 және 59-тармақтармен толықтырылсын:
«49. Нефрология, оның ішінде балалар нефрологиясы
50. Отбасылық медицина
51. Терапия
52. Дене медицинасы және оңалту
53. Жедел кезек күттірмейтін медициналық көмек
54. Клиникалық фармакология
55. Терапиялық стоматология
Демо – версия документа