Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуір № 227-VІІ Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 62-баптың екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» деген сөздер «зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында, Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 64-бапта:

бірінші бөліктегі «73, 73-1, 73-2» деген цифрлар «73-1 (бірінші бөлігінде), 73-2 (бірінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-1-бөлігі:

«73-1» деген цифрлардан кейін «(1-1-бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

«73-2» деген цифрлардан кейін «(1-1-бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 73-бабы, 73-1-бабының 1-1-бөлігі және 73-2-бабының 1-1-бөлігі бойынша тараптардың татуласуына байланысты бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылықтан босатылған адамдарға қолданылмайды.»;

3) 73-бапта:

бірінші бөліктегі «бес тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «бес тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «он тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «он тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 73-1-бапта:

1-1-бөліктегі «он бес тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «он бес тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «жиырма тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «жиырма бес тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 73-2-бапта:

1-1-бөліктегі «он тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «он тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «он бес тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «жиырма тәулікке» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) 84-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 91-баптың тақырыбындағы, бірінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және оныншы бөліктеріндегі «зейнетақымен қамсыздандыру туралы» деген сөздер «зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 92-баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша «міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» деген сөздер «міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 98-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі «жұмыспен қамту туралы» деген сөздер «жұмыспен қамту саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 461-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу

1. Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу -

он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

2. Осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет -

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

11) 669-бапта:

екінші бөліктегі «бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға» деген сөздер «он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «он тәулікке дейінгі мерзімге» деген сөздер «жиырма тәулікке» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктегі «үшінші бөлігіне» деген сөздер «екінші және үшінші бөліктеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 826-2-баптың үшінші бөлігіндегі «зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» деген сөздер «зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 829-4-баптың екінші бөлігіндегі «зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» деген сөздер «зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті

 

   Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 20 сәуір

             № 227-VІІ ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку