«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 10 Қаулысы
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 22 ақпандағы № 10 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15863 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының саны туралы есептің нысаны;»;
6), 7), 8) тармақшалар алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының облыстары бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) және жеке зейнетақы шоттарының саны туралы есептің нысаны;»;
10), 11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының саны туралы есеп;»;
5), 6), 7) тармақшалар алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа