«Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 469 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 469 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 179 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9892 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 91 (28569) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларында:
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай мыналарға:
республикалық бюджет құрамында бекітілетін республикалық;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана;
аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет құрамында бекітілетін аудандық (қалалық);
республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қала бюджеттері құрамында бекітілетін қаладағы ауданның бюджеттік бағдарламалары;
Тұрғындар саны екі мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, тұрғындар саны екі мың және одан кем аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 1-тармақтың тоғызыншы абзацы қолданысқа енгізіледі
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері құрамында бекітілетін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары болып бөлінеді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа