«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 598 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 598 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді:
астықты өндіруді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық саясат;
2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:
өсімдіктер карантині;
өсімдіктерді қорғау;
селекция және тұқым шаруашылығы;
ветеринария;
балара шаруашылығы;
жайылымдарды пайдалану және қорғау;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;
2-2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;»;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
3-2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады:
жайылымдарды басқару, суландыру, пайдалану және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
тұқым шаруашылығы;
Демо – версия документа