(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 359 Қаулысы
(2016.31.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 497 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
мынадай мазмұндағы 88-1-тармақпен толықтырылсын:
«88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге жауапты Қаржы министрлігімен және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, халықаралық экономикалық интеграция, сауда қызметі, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бағыттарына, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізуге жауапты Экономикалық даму және сауда министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Қаржы және/немесе Экономикалық даму және сауда министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.»;
Редакция документа
Демо – версия документа