(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОМИНАЛДЫ ҰСТАУҒА БЕРІЛГЕН, ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН НЕМЕСЕ ...
Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 Қаулысы
(2018.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.31.08. № 192 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.02.11. № 197 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.31.08. № 192 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.02.11. № 197 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Номиналды ұстауға берілген, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) тіркеу, номиналды ұстаушының есепке алу жүйесінде және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының өзiнiң номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа