(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «КЕЙБІР НҰСҚАУЛЫҚ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 910 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшы (ол болмаған кезде - бұйрық болған жағдайда оның міндеттерін атқаратын адам), өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшы, министрліктердің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар) электрондық құжаттың оған сәйкес келетін шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Кеңседе қабылдануға жатады.»;
17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін Үкімет Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес БҚҚБ меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.»;
19-тармақтың бірінші бөлігіндегі 8) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа