«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 163 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 163 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
16-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
20-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20-1) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі ұйымдарды, сондай-ақ арнайы бiлiм беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастыру және бекіту;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту;»;
31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
33) тармақша алып тасталсын;
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) педагогтерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;»;
39-1) тармақша алып тасталсын;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа