«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 377 бұйрығы
«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 377 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-1/502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11848 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптар, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу үшін осы Талаптардың және Шарттардың 10-тармағында көзделген талаптарға астық қабылдау кәсіпорнының сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қор көздеген нысан бойынша Қорға жазбаша өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді:
1) астық қабылдау кәсiпорнын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың көшiрмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
2) астық қабылдау кәсіпорны жарғысының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
Демо – версия документа