«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1227 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1227 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 60-1), 60-2), 60-3), 60-4), 60-5), 60-6), 60-7), 60-8), 60-9), 60-10), 60-11), 60-12), 60-13), 60-14), 60-15), 60-16), 60-17), 60-18), 60-19), 60-20) және 60-21) тармақшалармен толықтырылсын:
«60-1) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру кезінде жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60-2) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін жұмыс істеу режимдеріне келтіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60-3) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері штабтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-4) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде жауынгерлік әзірлікті ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-5) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
60-6) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскерлер қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
60-7) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріндегі байланысты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
60-8) азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің полигондары мен оқу орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Демо – версия документа