Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 қаңтардағы № 42 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 қаңтардағы № 42 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) дене шынықтыру және спорт саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.»;

13-тармақтың 1) және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

2) дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;»;

14-тармақта:

1) және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дене шынықтыру және спорт салаларда нормативтік құқықтық акті-лерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу;

2) дене шынықтыру және спорт салалардағы нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг жүргізу;»;

8), 9), 10), 11), 12), 34)-тармақшалары алып тасталсын;

35)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«35) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;».

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку