(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНІМДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНАН ТЫС ЖЕРД...
Осы редакция 2019 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығына 8-қосымша
«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2018.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз
1. «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 37 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.12.01. № 27 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.21.01. № 37 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.12.01. № 27 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Редакция документа
Демо – версия документа