(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕМЕ ЭКИПАЖЫНЫҢ ЕҢ АЗ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК БЕРУ» МЕ...
Осы редакция 2019 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.15.02. № 187 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.15.02. № 187 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, «электрондық үкіметтің» веб порталы (бұдан әрі - портал).
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.15.02. № 187 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.22.11. № 805 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту).
Редакция документа
Демо – версия документа