Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.06.05 № 635 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274  қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 635 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы  № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Заңның 4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушілерді қоспағанда, оны бекіткен (нақтылаған) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің веб-сайтында және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырылады.»;

«9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

324. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу, егер Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку