(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ФИЛЬМДЕР ҚОРЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРА...
Мемлекеттік фильмдер қорының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 551 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі фильмдерді сақтауды жүзеге асыратын Мемлекеттiк фильмдер қоры болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа