«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген) (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 18 Қаулысымен күші жойылды
2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу
қағидалары
(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Осы 2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидалары (бұдан әрі - Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді әрі шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтардың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарттары мен тетігін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2023.31.01. № 64 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аяқталмаған құрылыс - тапсырыс беруші пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына сай (тұру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда алу және басқа да пайдалану түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объектісі;
2) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі - БИЖ) - жаңа объектілер құруға (салуға) не қолданыстағыларын реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттандыру объектілерін құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған және аяқталған сипатқа ие іс-шаралар жиынтығы;
Документ утратил силу
Демо – версия документа