«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құрылсын.
Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық Министрлік қызметінің негізгі бағыттары болып айқындалсын.
Жаңадан құрылған Министрлікке:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен - қорғаныс өнеркәсібі саласындағы;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен - ғарыш қызметі саласындағы;
Демо – версия документа