Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1154 Қаулысы

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1154 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:

2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жұмыс беруші — қызметкер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын заңды тұлға;

5) инженерлік-техникалық қызметкерлер — өндірістік процесті, сондай-ақ ұйымда тікелей өндірістік қызметті ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асыратын және жоғары инженерлік-техникалық білімі бар қызметкерлер;»;

4-тармақтың 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері болып табылатын, кемінде 2 (екі) жыл ғылыми немесе педагогикалық жалпы жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі — ғылыми-педагог қызметкерлер санаты);

4) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру сәтінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын, өндірісте кемінде 2 (екі) жыл жалпы, соңғы 12 айды қоса алғанда, жұмыс өтілі бар магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі — инженерлік-техникалық қызметкерлер санаты);»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку