«Босқын мәртебесін беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 20 наурыздағы № 80 бұйрығы
«Босқын мәртебесін беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 20 наурыздағы № 80 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидаларында:
11-тармақтың төртінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ІІО және ҚҚАО ААЖ-ның есептері бойынша пана іздеп жүрген адамды тексеру жүзеге асырылғаннан кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) аурулар тізбесінде көрсетілген аурулардың болмауына міндетті медициналық куәландыруға жолдама беріледі, сондай-ақ Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып, әңгімелесу жүргізіледі.»;
25-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа