«Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 01 маусымдағы № 308 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 55 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)
«Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 01 маусымдағы № 308 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 55 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ағымдағы шотта ақша қаражаты жеткіліксіз болған кезде ұлттық институт ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін өтініш берушіге ақша қаражатын аударуды тоқтата тұрады. Бұл ретте ұлттық институт хабарлама жіберу арқылы шығындарды өтеу туралы Келісім жасалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.
Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды жүзеге асыру үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген ақшалай қаражат толық игерілген кезде ұлттық институт ағымдағы шотқа қаражат түскенге дейін өтінімдерді қабылдауды тоқтатады.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа