«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 405 бұйрығы
«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 405 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулының нысаны;
Демо – версия документа