«Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 102/НҚ бұйрығы
«Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 102/НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11300 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ғарыш аппараты - ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлердің қызметтерін ұсыну тәртібі».
Демо – версия документа