(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАРАШАДАҒЫ № 996 ҚАУЛЫСЫ
«Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 қарашадағы № 996 Қаулысы
(2009.09.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2009.09.10. № 1553 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоғам қызметінің мәні мыналар болып анықталсын:
1) екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін, олар бойынша кепілдікті қамтамасыз етуді сатып алу және активтерді басқару;
2) қаражатты екінші деңгейдегі банктерге негізделген орналастыру және өзге қаржы ұйымдарына кредит беру.
3. Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 52040168000 (елу екі миллиард қырық миллион бір жүз алпыс сегіз мың) теңге мөлшерінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Редакция документа
Демо – версия документа