«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 197 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 197 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы:
1 санат «Салықтық түсімдер»:
05 сыныбы «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар»:
4 кіші сыныбында «Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар»:
«Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алынатын лицензиялық алым» 02 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
02 «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым)»;
«Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым» 32 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
32 «Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым»;
«Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым» 33 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
33 «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым»;
«Азаматтық авиация саласындағы сертификат үшін алым» 35 ерекшелігі келесі редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа