«Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 663 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 663 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9. | «Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі | Қонаев қаласы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
»;
Демо – версия документа