«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 26 маусымдағы
№ 349 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен күші жойылды
«Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Әділет Министрлігі мен оның аумақтық органдары коммерциялық болып табылмайтын заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдарға және өкілдіктерге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
4. Порталда жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
порталда көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут;
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (автоматтандырылған).
Документ утратил силу
Демо – версия документа