Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 1002 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:

9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:

207 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

001 «Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсететін қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша:

106 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«106 Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдардың күрделі шығыстары»;

490 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

001 «Жергілікті деңгейде коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарлама бойынша:

мынадай мазмұндағы 042 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

«042 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку