(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.01.10 № 662 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2015 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы (бұдан әрі - Бас қолбасшылық), Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланға бейбіт және соғыс уақытында әскери басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Бас қолбасшылық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бас қолбасшылық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бас қолбасшылық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бас қолбасшылық егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бас қолбасшылық өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бас қолбасшылықтың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Бас қолбасшылықтың заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жангелдин көшесі, 2-үй.
Редакция документа
Демо – версия документа