«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 181 бұйрығы (күші жойылды)
«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 181 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 13 наурыздағы № 38 (1264) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидалары»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарынан еткен мұғалімдерге белгіленген қосымша ақыларды қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне айлық тарифтік ставкалардың (лауазымдық жалақылардың) жекелеген қосымша ақылардың және үстемеақылардың мөлшерлерін өзгерту:
Документ утратил силу
Демо – версия документа