«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 92 бұйрығы
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 92 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларында:
24-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін бейінді, ситуациялық және уәждемелік сұрақтар тізбесін, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады.»;
53-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсқа (-тарға) қатысатын және бос лауазымға (-дарға) орналасуға (оның ішінде екі және одан көп лауазымдарға) арналған әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған үміттенген бос лауазымға (-дарға) байланысты сұрақтар қойылады және осы Қағидалардың 54 және 91-тармақтарымен белгіленген жағдайларда конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне ғана эссе жазады.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа