Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 442 Қаулысы

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 442 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында:

2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі - портал) - Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;»;

10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жалдаушылардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда жекелеген тұрғынжайды жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;»;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Тұрғынжайды жекешелендіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.

14. Өтініш беруші жекешелендіру тәртібімен тұрғынжайларды меншікке сатып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өзі тұратын тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку