«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 835 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 835 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) ұлттық тіркелімдер тізбесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
41-2) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:
Демо – версия документа